Бiз туралы
Бiз – MINIMARATHON.KZ, жүгіру мен белсенді өмір салтына құмар жанкүйерлер командасымыз. Бес жылдан астам уақыт бойы біз Алматыда спорттық жарыстар ұйымдастырып, қозғалыс, қуаныш және денсаулық кеңістігін құрып келеміз. Осы уақыт ішінде біз 19 жарыс өткіздік – ересектер мен балаларға арналған, отбасылық старттар және тіпті жартылай марафон.
MINIMARATHON – бұл 4,2 шақырым қашықтық, сіздің 42 195 метрлік үлкен марафонға алғашқы қадамыңыз. Өмірдегі барлық ұлы істер алғашқы қадамнан басталады.
Біздің іс-шараларымызда ерекше орын алатын жандар – мүмкіндігі шектеулі балалар. Біздің жақын достарымыздың бірі – «Мейiрiм» балаларды оңалту орталығы, біз олардың тәрбиеленушілерін қолдап, жарыстарымызға тегін қатысуға шақыра алатынымызды мақтан тұтамыз.
Біздің арманымыз – әсіресе балаларды жүгіруге баулу және оны өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру. Осы арманымызды бірге жүзеге асыруға шақырамыз: жарысқа қатысыңыз, балаларыңызды әкеліңіз немесе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жарыстарға қатысуына мүмкіндік сыйлау үшін шағын қайырымдылық жасаңыз.
Бізге қосылыңыз.
Mini Marathon With Big Plans!
