Сұрақтар мен жауаптар
Костюм қажет пе?
Иә. Әр қатысушы костюм киюі немесе жаңа жылдық атрибутика тағуы керек.
Қашықтық қандай?
Барлық форматтар үшін бірыңғай қашықтық — 2027 м.
Тіркелу қашан аяқталады?
2026 жылғы 10 желтоқсанда.
Старттық жиынтықты қайдан және қашан алуға болады?
2026 жылғы 18 және 19 желтоқсанда FORUM СОО-да, Сейфуллин даңғылы, 617. Басқа күндері нөмірлер берілмейді. Жиынтықты беру күндері басқа адам алып кете алады.
Балалар отбасылық жүгіруге қатыса ала ма?
Иә. Кез келген жастағы балалар ересек еріп жүрушімен бір команда немесе отбасы құрамында қатыса алады.
Нәтижелер мен жүлделер бола ма?
Нәтижелер тіркелмейді және жарияланбайды. Әрбір мәреге жеткен қатысушыға естелік медаль, ал әр санаттағы креативті костюмдерге сыйлықтар беріледі.
Старттық жарна қайтарыла ма?
Ережеге сәйкес, қатысушы жүгіруге қатыса алмаса, старттық жарна қайтарылмайды.
Екі форматқа қатысуға бола ма?
Жеке жүгіру қатысушылары командалық немесе отбасылық жүгіруге да қатысуға құқылы.
Іс-шара қашан басталады?
Старттық қалашық 08:30-да ашылады. Балалар старттары — 09:40 және 09:55; инклюзивті — 10:10; 15+ — 11:00; командалық — 12:10; NORDIC — 12:20. Аяқталуы — 13:30. Толық бағдарлама Ережеде берілген.